Астанада ҚФФ Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті

Кеңесте ұлттық құраманың өткен жылғы нәтижелері қорытындыланды.

Бүгін, 8 қаңтар, Қазақстан Футбол Федерациясының президенті Сейілда Байшақов төрағалығымен Жаттықтырушылар кеңесі өтті.

Жиында футболдан Қазақстан Ұлтты құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің есебі тыңдалды.

Александр Бородюк ұлттық құраманың төмен нәтиже көрсету себептерін баяндады. Ол ойын күнтізбесінің қолайсыздығына байланысты ресми кездесулерге дайындалуға берілген уақыттың аздығын алға тартты. Сонымен, қатар Александр Генрихович еліміздің бас командасының сәтсіз нәтиже көрсеткенін мойындады.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің тағдыры бойынша нақты шешімді ҚФФ жетекшілігі алдағы уақытта қабылдайтын болады.