ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті

Бүгін Астанада Қазақстан Футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты.

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- Ұйымның Бірінші Вице-президенті және Бас хатшысы Әубәкіров Қаныш Қайдарұлының өкілеттігі отбасылық жағдайына байланысты жазған мәлімдемесі бойынша тоқтатылды.

- Бірінші Вице-президент және Бас хатшы қызметіне Айтқожин Азамат Серікұлы тағайындалды. Ол вице-президент қызметінен босатылды.

- Вице-президент қызметіне Абраев Олжас Шәкенұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, Атқарушы комитетінің отырысында ҚФФ президенті Байшақов Сейілда Икрамұлының өз еркімен қызметінен кету жөніндегі мәлімдемесі қабылданды. Бұл сұрақ 2018 жылдың 10 ақпанында Астанада өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында қабылданады.