Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U18) Беларусь елінде өтетін Даму Кубогына қатысады

Халықаралық турнир 21 және 28 қаңтар аралығында Минск қаласында өтеді.

Жарысқа 2001 жылы туған футболшылардан құралған 12 құрама қатысады.

Командалар келесі топтарға бөлінген:

«А» тобы

Беларусь, Финляндия, Бельгия, Литва

«Б» тобы

Словакия, Израиль, Ресей, Исландия

«С» тобы

Украина, Грузия, Қазақстан, Молдова

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойын кестесі:

22 қаңтар (дүйсенбі)

14.15 - Грузия — Қазақстан

23 қаңтар (сейсенбі)

16.40 - Қазақстан — Украина

25 қаңтар (бейсенбі)

16.40 - Қазақстан — Молдова

Плей-офф кезеңінің ойындары 26-28 қаңтар аралығында өтеді.  

*Матчтың басталуы Минск уақытымен көрсетілген.

Бұл турнирге Ерлан Махамбедиев жетекшілік ететін 2001 жылғы ойыншылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысады. Біздің футболшылар жарысқа дайындықты 11-19 қаңтар аралығында Талғардағы ұлттық құрама командаларының базасында жүргізеді.

Назарларыңызға оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Даниил Горбунов («Ертіс»), Дулат Батырханов («Қайрат»);

Қорғаушылар: Бекзат Иманғазеев, Асылбек Нұрсейіт, Абылай Майдан, Жалғас Жақсылықов, Бекдәулет Жылқайдар, Дәуренбек Жүсіпов (барлығы – академия «Оңтүстік»), Ілияс Сәрсенбеков («Қайрат»), Бекзат Мұхамедәли («Монтажник»), Әділжан Дүйсембаев («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Илья Демин, Федор Неумывакин, Дархан Меделхан, Ұлықбек Қайтмұратов,  Руслан Жарлаев (барлығы - «Қайрат»), Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Хамит Шәміл (академия «Оңтүстік»), Станислав Басманов («Астана»), Амал Сейітов («Еңбек»), Сұлтан Қайратұлы (академия «Реал Вальядолид», Испания);

Шабуылшылар: Алияр Мұхамед (академия «Оңтүстік»), Матвей Герасимов («Шахтер»).

Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Ерлан Махамбедиев, жаттықтырушы-консультант – Александр Кузнецов, аға жаттықтырушының көмекшісі – Игорь Маштаков, қақпашылардың жаттықтырушысы – Ерлан Тілеуқұлов, массажист – Станислав Ведлер, дәрігер – Ғалилбай Ахметов, администратор – Владимир Горячий, менеджер – Дінмұхамед Оралов.