Футбол клубтарын сертификациялау процесі жалғасуда

Премьер-лиганың футбол клубтары қаржылық критерий бойынша 2017 жылдың тоғыз айының мерзімі ұзартылған аудиторлық есептерін тапсырды.

Дегенмен, 2018/2019 жылғы маусымда футбол клубтарын сертификациялау процесі әлі жалғасуда (2018 жылғы ішкі лицензияландыру, 2018/2019 жылғы еуропалық клубтық жарыстарға лицензияландыру).

Сонымен қатар, әкімшілік-кадрлық, спорттық және инфрақұрылым критерийлері бойынша құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Құжаттарды қабылдау мерзімінің соңғы күні – 1ақпан.