Александр Старков: «Қазақстан құрамасын құрметтейміз»

Қазақстан мен Латвия құрамалары бір топқа түсті. Грузия мен Андорра да осы топта.

Латвия құрамасының бас бапкері Александр Старков Қазақстан футбол федерациясыны баспасөз қызметіне берген сұхбатында УЕФА Ұлттар Лигасының жеребесін қорытындылады.

- Жеребенің қорытындысы туралы не ойлайсыз? Қазақстан мен Латвия бірнеше рет кездесті. Соңғы кездесуде қазақстандық футболшылар Ригада 1:0 есебімен жеңіске жетті.

- Біздің топ өте қызықты деп ойлаймын. Грузия, Латвия, Қазақстан және Андорра бір-бірін жеңе алады. Соңғы іріктеу кезеңінде Андорра құрамасын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушыларының бірі Венгрия құрамасын ұтып, сенсация жасаған еді. Сол сәтте Венгрия футболшылары Португалия тең ойнап жүрген болатын. Әр команданың өз ерекшелігі мен қолтаңбасы бар. Әр команданың жеңіске жетуге ұмтылатынын ескеріп, тартымды турнир болады деп ойлаймын. Ұлттық құрамалар үшін жаңа әрі пайдалы формат енгізген УЕФА өкілдеріне алғыс айтамын. Жақсы нәтиже көрсете алмай жүрген ұлттық құрамалар үшін өте қызықты болмақ. Қазақстан құрамасы – мықты қарсылас. 2015 жылдың күзіндегі Ригадағы жеңілісті естен шығармаймын. Клубтық футбол дамып, инфрақұрылым жақсарып келеді. Ішкі біріншілікте мықты легионерлер ойнайды. Әрине, Қазақстан құрамасын құрметтейміз.

- Достастық Кубогына он үш жыл қатарынан «Сконто» клубын алып келдіңіз. Әртүрлі уақыттағы біздің футболшылардың ойынын көрдіңіз. Қазақстандық футболшылардың жасыл алаңдағы ерекшелігі қандай?  

- Көп уақыт өтті. Ұмыта бастаппын. Бұл турнирден ешқашан қалмадық. Мен үшін футболшылардың шеберлігін көтеруге жақсы мүмкіндік еді. Латвия чемпионатыны аса тартысты емес екенін білесіздер. «Сконто» үшін бұл жарыс ойыншыларды бақылау болды. Осы турнирден кейін футболшыларды Ресей немесе алыс шетелге сата бастадық. Жыл сайын жүлделі орындар үшін толассыз тартыс болды. Бұл өз кезегінде чемпионаттың және футболшылардың жалпы деңгейін арттыра түсті. Қазақстандық футболшылар алаңда жақсы техникасымен және ерекше функционалдық мүмкіндіктерімен көзге түсті.

- Латвия құрамасы Еуропа чемпионатына қайта шығуы үшін латыш футболында қандай өзгерістер болуы керек? 2004 жыл ерекше еске түседі...

- Жақсы ойнау үшін мүмкіндік әрқашан бар. Біздің елдің федерациясы мен құрама ойыншылары алдағы турнирде ең жоғары нәтижеге қол жеткізу міндетін алға қояды.

- Ұлттар Лигасы алдында шәкірттеріңізге қандай талап қоясыз?

- Тек бірінші орын үшін таласу. Бұл турнир спорттың басқа түрлері сияқты жарыстан тұрады. Спорттағы ең басты талап – жеңіс. Ұлттық құрама деңгейінде елдің абыройын қорғау өте маңызды.

- Сарапшылар біздің топта Грузия құрамасын көшбасшы атап үлгерді. Олардың көптеген ойыншылары шетелде ойнайды. Бұл қарсылас туралы не айтасыз?

- Грузия – жақсы әрі мықты команда. Білікті бапкер жаттықтырады. Алайда, бұл сарапшылар мен мамандардың пікірі. Ал, біз басқаша ойлаймыз. Сол себепті әр ойында ұпай үшін күресеміз.

- Сіз қазақстандық футбол клубтардың табысы жөнінде атап өттіңіз. Еурокубок маусымында  «Астана» матчтарын бақылайсыз ба?

- Бірнеше жыл қатарынан «Астана» қазақ футболының мақтанышына айналды. Латвия чемпионы юрмалалық «Спартакпен» кездескенін еді. Мен бұл ойынды аса қызығушылықпен бақыладым. Осы ойында еурокубок ойынында тәжірибес мол және шеберлігі жоғары команданы байқадым. Мұндай тәжірибені сатып алуға болмайды. Деңгейі жоғары турнирлерге үнемі қатысу арқылы қол жеткізуге болады.

- Қазақстандық футбол клубтардың бас бапкерлік қызметіне үміткер ретінде сіздің аты-жөніңіз бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жарияланды...

- Маған деген нақты қызығушылықты ұмыта алмаймын. Құдайға шүкір, менің қазір жұмысым бар. Ұсыныстардың аздығын ешқашан байқамадым. Латвия құрамасының бас бапкері қызметінде жарты жыл еңбек етіп келемін. Жаттықтырушыларды жақсы нәтиже үшін ауыстырмайды. Сол себепті ұлттық құрамадағы жағдайды түзету үшін бар күшімді саламын.

- Қазақстандық футбол жанашырларына айтар тілегіңіз?

- Футболға келіп, өз командаңа қолдау көрсетуді тілеймін. Ал, біз жақсы ойын көрсетіп, өз тобымыздағы ең мықтыны анықтауға тырысамыз.