Кольдо Альварес: «Қазақ футболшыларының мінезі бар»

Кеше Лозаннада УЕФА Ұлттар Лигасының жеребесі тартылды.

Андорра құрамасының бұрынғы қақпашысы Кольдо Альварес бүгінде ұлттық құраманың тізгінін ұстаған. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ол Ұлттар Лигасының жеребесіне қатысты пікірін білдіріп, екі елдің құрамасы арасындағы кездесуді де еске алып өтті.

- Он жыл бұрын Қазақстан мен Андорра құрамалары 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде кездескен болатын. Сол ойындар есіңізде ме?

- Қазақстанмен ойнағамызға он жылдай болды. Менің ойымша, біздің қазіргі топ қиындау. Латвия мен Грузия құрамаларын тәжірибелі қарсылас деп атап көрсетуге болады. Қазақстан да мықты ұжым. Іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ойнау біз үшін оңай емес.

- Біздің командадан қай ойыншыны білесіз?

- Өкінішке қарай, ешкімді есіме түсіре алмаймын. Қазақ футболшылары мінезді келеді. Сосын техникасы жоғары екеніне көзім жетті.

- Сіздің құрамаңыз 2008 жылы Алматыда ойнады. Сол кезде сіз қосалқы құрамда қалдыңыз. Команда үшін алыс сапар қиындық туғызбады ма?

- Ойын оңайға соқпады. Алматыдағы стадионды жақсы білемін. Ал, қазір жабық стадионы бар Астанада жиі ойнайсыздар. Алдағы ойын қай қалада өтетін әзірге білмеймін.

- Соңғы іріктеу кезеңінде Андорра құрамасы төрт ұпай еншіледі. Ұлттар Лигасында осы рекордты жаңартуға мүмкіндік бар ма?

- Бірінші немесе екінші орын алу қиындау болады. Алайда, менің командам әр ойында нәтиже үшін алаңға шығады. Барлық қарсыласпен ойнауға болады. 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі соның дәлелі.

- Грузия мен Латвия туралы көп ақпарат білесіз бе?

- Өкінішке қарай, аса көп емес. Алайда, осы елдің құрамаларына қарсы өтетін кездесу алдында толық мәліметті жинаймыз.

- Біздің топтың фавориті кім?

- Грузия. Өйткені, оны құрамында мықты Еуропа біріншіліктерінде ойнайтын ойыншылар аз емес. Грузиямен өткен матч әлі есімде. Сол кезде Андорра құрамасы үшін қиын болған.