Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Финляндияға есе жіберді

Минскіде өтіп жатқан Даму Кубогы халықаралық турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (2001 жылғы футболшылар) 10-12 орын үшін плей-офф матчында Финляндиядан жеңіліп қалды.

Кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Біздің команданың сапынан шабуылшы Матвей Герасимов гол соқты.

Қазақстандық футболшылар турнирдегі соңғы кездесуін жексенбі, 28 қаңтар күні Ресеймен өткізеді.

Қазақстан – Финляндия 1:3 (1:1)

Голдар: 0:1 - Местокангас, 13; 1:1 - Герасимов, 33; 1:2 - Карлстрём, 47; 1:3 - Олликайнен, 58.

Ескерту: Демин, 47; Әжімов, 56;

Алаңнан қуылған ойыншы: Демин, 68.

Қазақстан: Қалтөре (Батырханов, 55), Иманғазеев, Жақсылықов, Жүсіпов, Дүйсембаев, Шәміл, (Демин, 38), Қайтмұратов, Жарлаев, Басманов (Әжімов, 55), Сейітов (Мұхамедов, 68), Герасимов (Меделхан, 48).

Резерв: Неумывакин, Мұхамед.

Финляндия: Синисало, Хамалайнен, Хайсканен, Ларссон (Олликайнен, 47 (Толонен, 77)), Карлстрём, Абладе, Вискари, Сипола, Лайтинен, Местокангас, Сейдиу.

Резерв: Шмид, Райтанен, Хикканен, Саллинен, Ханнола, Рале.

Төрешілер: А.Колочинский, И.Богович, В.Бабич.

27.01.2018. Минск. Минск футбол манежі.