Азамат Айтқожин: «Польшамен ойын біздің құрамамен санасу керектігін көрсетті»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Еуропа чемпионаты аясындағы Польшамен болған тұсаукесер ойыннан соң Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады.

- Біздің құраманың орындауында керемет ойын болды. Ең бастысы бірінші матчта жеңіске жетті. Бұл психологиялық тұрғыдан үлкен рөл атқарады. Ұлттық құраманың бапкерлері командамызды ойынға жақсы дайындай алды. Ал футзалшылар өз кезегінде сенімді ақтап жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Шетелдік мамандар біздің құрамамен санасу керектігіне тағы да көз жеткізді. Алда Ресей құрамасымен қиын ойын күтіп тұр. Жанкүйерлер біздің құрамаға сенеді! - деді Азамат Айтхожин.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Польша құрамасын жеңіп турнирдің ширек финалына шықты.

Фото: uefa.com