Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Словенияның Любляна қаласында өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші матчында Ресеймен кездесті. Біздің құрама топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Польша құрамасын 5:1 есебімен ұтқан. 

Топтың басты кездесу – Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы кездесу болатын. Бұл ойын қай құраманың топтан бірінші орынмен шығатынын шешеді.

Ойын басталысымен қос құраманың ойыншылары шабуылға көшті. Бар болғаны екінші минутта ресейліктер есепті ашып кетті. Қорғаушылардың қателігінен кейін Едер Лима еш кедергісіз Игитаның қақпасына соққы жасап, матчтағы алғашқы голды соқты.

Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіруге тырысқан. Бірінші таймның ортасына дейін қарсыласын тығырыққа тіреді. Тайнанның жасаған екі-үш соққысы діттеген жеріне жетпеді. Бірде қақпадан қиыс кетсе, енді бірде бағанаға тиіп кері қайтып жатты. Ал Ресей ойыншыларының үш бірдей қауіпті соққысын Игита тамаша қайтара білді. Алғашқы таймның соңына қарай Қазақстан құрамасы шабуылды күшейте түсті. Төрт мәрте қатарынан соққы жасағанымен гол соға алмады.

Екінші таймды қазақстандық ойыншылар ширақ бастады. 24-ші минутта Дуглас алыстан жойқын соққы жасап, таразы басын теңестірді. Одан кейін қос команданың ойыншылары бір-бірінің қақпасынан дәл көздеуге тырысқанымен, нәтижесіз болды. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, В тобында 4 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы бірінші орынмен шықса, Ресей 2 ұпаймен екінші жолдамаға ие болды. Ал Польша 1 ұпаймен көш соңында қалды.

 

Футзалдан Еуропа чемпионаты

В тобы

Ресей — Қазақстан 1:0

Голдар: Эдер Лима 2 (1:0)

Ресей: Путилов, Милованов, Эдер, Робиньо, Давыдов — Замтарадзе, Лысков, Ромуло, Абрамов, Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Чишкала, Эскердинья

Қазақстан: Игита, Довгань, Есенаманов, Дуглас, Нургожин — Шамро, Тайнан, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Таку, Тұрсағұлов, Акбаликов, Оразов

Төрешілер: Габор Ковач (Венгрия), Болаж Фаркаш (Венгрия), Саша Томич (Хорватия)

3 ақпан. Любляна. «Арена Стожице»

Prosports.kz