Әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға әкелінді

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының бас трофейі чартерлік рейспен Алматыға жеткізілді.

Дәстүрге сай, футболдың ең айтулы додасы қарсаңында таза алтыннан құйылған 6 кг Әлем кубогы спортсүйер қауымды біріктіру мақсатында жаһанды шарлап шығады.
Кубокты ала жүрген ФИФА делегациясын Алматының халықаралық әуежайында ҚФФ президенті Сейілда Байшақов пен бас хатшы Азамат Айтқожин қарсы алды.
- Ұлы дуниеге жанасу мүмкіндігі  - біздерге ғана емес, сонымен қатар жастар үшін керемет әсер,-деді Сейілда Байшақов. – Алғаш рет Әлем Кубогы Алматыға 2010 жылы келген болатын. Сол шарадан кейін жүздеген балалар футбол секцияларына жазылды. Аталмыш сапарлар әлемде футболды насихаттау үшін өте маңызды.

Оның сөзін Алматыға ұшып келген әлем және Еуропа чемпионы Кристиан Карамбе қолдады.

- Әлем Кубогының әрбір елге келуін маңызды оқиға деп санаймын. Бүгінгі күн қазақстандық футбол сүйер қауым үшін ерекше болатынына кәміл сенемін. Осы шарадан кейін жастар рухтанып,  Fair Play-дің барлық ұстанымдарын ұстап, ойында әдептілікті сақтайды деп үміттенемін.

Атап кетсек, әлем кубогы 9 елді аралап үлгерді. Келесі аялдама – Бішкек қаласы.