Азамат Айтқожин: «Біз үшін әр ойын – маңызды»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан Қазақстан футзал құрамасына сәттілік тіледі:

- Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алып, ширек финалға жолдаманы алғаннан кейін, біз үшін әр ойын – маңызды. Сербия құрамасы екі жыл бұрын Еуропа чемпионатының үшінші орыны үшін матчтағы жеңілістен кейін кек қайтаруға тырысады. Спортсүйер қауым өзінің ойын мәнері мен мінезі бар Қазақстан құрамасын біледі. Спортшыларымыз өзінің ерекшелігін бүгінгі матчта да көрсетеді деп сенемін. Еуропа біріншілігінің ширек финалына жолдаманы алса да, Ресейге қарсы ойында Какау шәкірттері өз мүмкіндіктерін толық көрсете білді. Бұның нәтижесінде ойыншыларымыз жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Сәттілік Сербияға қарсы матчта да бізге жолдас болады деп үміттенемін. Бүгінгі ойынға еліміздің спортсүйер қауымы қызығушылық танытуда. Алға, Қазақстан!