Азамат Айтқожин: «Қазақстан құрамасы өзінің жақсы көрсеткіштерімен таң қалдыруда»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа чемпионатының ширек финалында Сербия құрамасына қарсы ойыннан кейін өз ойымен бөлісті:

- Бүгінгі ойын нәтижесі көпшілікті қуантты деп ойлаймын. Қазақстан құрамасы континенталды турнирде өзінің жақсы көрсеткіштерімен таң қалдыруда,- деді Айтқожин. – Сербия құрамасына қарсы ойын өте қызықты өтті. Алаңда аяқдопшыларымыз көрсеткен ерекше әрі тез комбинациялар, жоғарғы деңгейдегі техника көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын. Ойыншыларымыз бар күш-жігерін салып, мінез көрсете білді. Әрине, қарсыласымыз да осал болған жоқ. Ең бастысы командамыз сербиялықтардың қысымына тойтарыс бере алды. Осының нәтижесінде отандастарымыз барша қауымға аталғанған жұпта ең мықты екендігін дәлелдеп қана қоймай келесі кезеңге жолдаманы алды. Алдымызда – жартылай финал және сол матча біздің құрама өзінің жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ескі құрлықты таң қалдырады деп үміттенеміз.