Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испаниядан өте алмады

2018 жылғы Еуропа чемпионатындағы ең қызықты ойын Қазақстан мен Испания арасында өтті деп айтуға болады.

Екі жыл бұрын құрлық біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алған Қазақстан құрамасы жартылай финалда атағы жер жарған Испания құрамасына айтарлықтай қарсылық көрсетті. Ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да қарсыластар жеңімпазды анықтай алмады – 5:5.

Матч соңындағы пенальти сериясында «қызыл фурияның» жолы болып, финалға шықты. Енді олар Еуропа чемпионы атағына Португалиямен таласады. Португалия құрамасы алғашқы жартылай финалда Ресейді 3:1 есебімен ұтқан еді. Қола жүлде үшін Какау шәкірттеріне қарсылас көршілес Ресей болмақ. Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан мен Ресей 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Қазақстан - Испания 4:4 (1:2), қосымша уақыт - 5:5, пенальти сериясы - 1:3

Голдар: Тайнан 8 (1:0), Есенаманов - автогол 16 (1:1), Тольра 19 (1:2), Игита 25 (2:2), Таку 25 (3:2), Хоселито 29 (3:3), Дуглас 39 (4:4), Мигелин 43 (4:5), Жаманқұлов 48 (5:5).

Пенальтиден мүлт кеткен: Мигелин 41 (маңдайша)

Пенальти сериясы: Мигелин — 0:1, Тайнан (қақпашы) — 0:1, Ортис — 0:2, Першин — 1:2, Лин — 1:3.

Ескерту: Тайнан 6, Сулейменов 14, Дуглас 34, Игита 37 — Пола 14, Алекс 20, Ортис 25.

Қазақстан: Игита, Тайнан, Есенаманов, Дуглас, Нұрғожин — Шамро, Жаманқұлов, Сүлейменов, Довгань, Першин, Таку, Тұрсағұлов, Оразов.

Испания: Седано, Ортис, Пола, Мигелин, Алекс — Эрреро, Тольра, Бебе, Адольфо, Солано, Лин, Лосано, Усин, Хоселито.

Төрешілер: Богдан Сореску (Румыния), Алессандро Мальфер (Италия), Онджей Черны (Чехия)

9 ақпан. Любляна. «Арена Стожице».