Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтеді

Конференцияда Қазақстан футбол федерациясының жаңа президентін таңдайды.

2018 жылдың 10 ақпан күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтеді. Конференцияға Атқарушы комитет пен федерацияның мүшелері, УЕФА мен аймақтық футбол федерацияның делегаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Конференцияда Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов отставкаға кеткеннен кейін ұйымның жаңа президенті сайланады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері – футбол клубтарының өкілдері, сонымен қатар, аймақтық футбол федерацияларының өкілдері Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын ұсынды. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ футболының ардагерлері мен белгілі сарапшылар Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасына қолдау білдірді. Онда оның әртүрлі мемлекеттік қызметтегі табысты еңбегі мен еліміздің ең басты футбол органын басқару тәжірибесі туралы айтылды.

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті төрт жылға сайланады.