Қазақстандық төрешілердің жаңа маусымға дайындығы

Қазақстандық төрешілер Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Премьер-лига ойындарына қазылық етуге үміткер 40 төреші іріктеуден өтуі тиіс. Алғашқы төрешілер тобы жиынға 5 ақпанда жиналған болатын. Олар осы уақытқа дейін Сербия, Словения, Венгрия, Чехия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Литва және т.б. елдердің клубтарының өткізген ойындарына төрелік етіп, дайындықтарын пысықтады.

Біздің төрешілердің тәжірибе жинап, төрелік еткен ойындары:

«Зенит» (Ресей) – «Црвена Звезда» (Сербия);

«Динамо» (Ресей) - «Амкар» (Ресей);

«Ахмат» (Ресей) - «Жальгирис» (Литва);

«Рубин» (Ресей) - ФК «ДВТК 1910» (Венгрия);

«Оренбург» (Ресей) - «Дуг дунайка» (Венгрия);

БАТЭ (Беларусь) - «Брно» (Чехия);

«Арсенал» (Ресей) – «Динамо» (Грузия);

БАТЭ (Беларусь) - «Зенит-2» (Россия);

«Арсенал» (Тула) - «Торпедо» (Ресей);

«Арсенал» (Ресей) - «Торпедо-2» (Ресей);

«Сибирь» (Ресей) - «Сзегед» (Венгрия);

«Олимпия» (Словения) – «Ростов» (Ресей);

«Марибор» (Словения) – «Александрия» (Украина);

«Заря» (Украина) - «Вождовац» (Сербия);

«Шахтер-2» (Украина) – «Мерани» (Грузия);

«Карпаты» (Украина) – «Младость» (Словения);

«Судува» (Литва) - «Локомотив» (Болгария);

«Торпедо-Белаз» (Беларусь) - «Младость» (Черногория);

«Младость» (Сербия) - «Торпедо» (Москва, Ресей).

 

15 ақпанда басталатын екінші топтың оқу-жаттығу жиынында 38 төреші дайындықтан өтеді.