ҚФФ мен әуесқой футбол лигасы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

Қазақстан әуесқой футбол лигасы мини-футбол және футзал жарыстарын ұйымдастыратын ең ірі құрылымның бірі.

Халық арасында футболды кең насихаттау мақсатында әрі қарай ортақ жұмыстар атқарылмақ. Бұл келісім арқылы Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту жобалары мен бағдарламаларын бірге дайындау және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

- Футбол – спорттың ең кең таралған түрі. Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футболды дамыту үшін барлық қолдауды көрсетеді. Меморандум осы бағытта сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге әсер мүмкіндік береді, - дейід бұқаралық футбол департаментінің басшысы Ерлан Жамантаев.

Қазақстан әуесқой футбол лигасы мини-футбол және футзал жарыстарын ұйымдастыратын ең ірі құрылымның бірі. Спорт ұйымының еліміздің барлық қаласында филиалдары бар.

- Қазақстан футбол федерациясымен әріптестікке қуаныштымыз. Әуесқой футболды дамытуға үлкен қадам екені сөзсіз. Келісімнің өткізілетін шаралардың сапасын арттырып, футбол ойнайтын жандардың санын арттыруға көмектеседі, - деп атап көрсетті Қазақстан әуесқой футбол лигасының төрағасы Ерлан Жарылқасынов.