Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дания футболшыларын ұтты

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Данияның «Кёге» футбол клубымен жолдастық матч өткізді.

Ойынның 26-минутында шабуылшы Лев Скворцов есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Дания футболшылары екінші таймда ғана таразы басын теңестірді. Үш минуттан соң біздің құрама қайтадан алға шықты. Дінмұхамед Қашкен төреші белгілеген он бір метрлік айып добынан мүлт кетпеді.

Кездесудің 76-минутында Мәди Жақыпбаев үшінші голды соқты. Матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Дания футболшылары пенальтиден гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.  

Қорытынды есеп – 3:2.

Қазақстан U19 - «Кёге» U20 (Дания) – 3:2 (1:0).

Қазақстан құрамасында гол соққан ойыншылар: Скворцов, 26 мин.; Қашкен - с пенальти, 64 мин.; Жақыпбаев, 74 мин.

Қазақстан U19: Устименко, Әйтім, Нұрсейітов, Ілиясов, Совет, Скворцов, Ульшин, Кеңесов, Усачев, Сағынаев, Жақыпбаев (к).

Екінші таймда алаңа шыққан ойыншылар: Саенко, Ваганов, Бачек, Қайыркенов, Қараман, Нұрберген, Мұқашев, Черный, Қашкен, Джанунц, Шәмші, Крансоперов.