Қазақстан жасөспірімдері (U19) Румыния футболшыларын ірі есеппен ұтты

Бір күн бұрын біздің құрама Дания фуболшыларын жеңген еді.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның «Академия» (Бухарест) клубымен кездесті.

Румыния футболшылары ойынның небәрі жетінші минутында пенальтиден гол соғып, есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Ваганов екі мәрте көзге түсіп, өз командасын алға шығарды.

Екінші таймда аға бапкер Александр Кузнецов шәкірттері тағы екі гол соқты. Алдымен кездесудің 72-минутында ресейлік «Тосно» сапында ойнайтын шабуылшы Данил Черный, кейін 83-минутта Арыстан Мұқашев дәлдік танытты.

Қазақстан U19 – «Академия» (Бухарест, Румыния) – 4:1 (2:1);

Қазақстан сапында гол соққан ойыншылар: Ваганов, 43 мин.; Ваганов, 45+1; Черный, 72 мин.; Мұқашев, 83 мин.

Қазақстан U19: Медведев, Әйтім, Нұрсейітов, Ілиясов (к), Совет, Қараман, Қайыркенов, Нұрберген, Красноперов, Ваганов, Грабко.

Екінші таймда алаңға шыққан ойыншылар: Устименко, Ульшин, Бачек, Кеңесов, Усачев, Сағынаев, Мұқашев, Черный, Қашкен, Жақыпбаев, Джанунц, Шәмші, Скворцов.