Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) Түркияның «Аланияспор» командасын ұтты

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы біздің команданың қарсыласы Түркияның «Аланияспор» командасы болды.

Түрік футболшылары кездесудің 38-минутында есеп ашып, бірінші таймның жеңімпазы атанды. Екінші таймда Александр Кузнецов шәкірттері ойынды күшейтіп, жеңісті жұлып алды. Алдымен шабуылшы Максим Ваганов таразы басын теңестірсе, кейін Мәди Жақыпбаев жеңіс голын соқты.

Қазақстан U19 – «Аланияспор» U19 (Түркия) – 2:1 (0:1)

Қазақстан құрамасында гол соққан футболшылар: Ваганов, 59; Жақыпбаев, 75.

Қазақстан U19: Устименко, Әйтім, Қашкен (к), Ілиясов, Совет, Кеңесов, Сағынаев, Жақыпбаев, Усачев, Скворцов, Черный.

Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Ульшин, Қараман, Красноперов, Мұқашев, Нұрсейітов, Қайыркенов, Шәмші, Ваганов.