Қазақстан Суперкубогы матчына бас төреші болып Артем Кучин тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті Суперкубок матчында қызмет атқаратын төрешілер тобын анықтады.

Жексенбі, 4 наурыз күні сағат 15:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынады. Шешуші ойында елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» футбол клубы кездеседі.

Қазақстан Суперкубогы – 2018

4 наурыз

«Астана» - «Қайрат»

Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды);

Төрешілердің көмекшілері: Евгений Бельский (Тараз), Айдын Тасыбаев (Павлодар);

Төрешілердің қосымша көмекшілері: Денис Измайлов (Талдықорған), Бағдат Абдоллаев (Қаратау);

Резерв төреші: Серік Жаппасбаев (Қызылорда).