Станимир Стойлов – Қазақстан құрамасының бас бапкері

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Станимир Стоилов тағайындалды. Болгариялық маманмен келісімшарт екі жылға жасалды.

Станимир Стоилов Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен елордалық «Астана» төрт мәрте ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. «Астана» болгариялық бапкермен халықаралық аренада мол табысқа жетті. 2015 жылы отандық футбол тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. Өткен маусымда тұңғыш рет Еуропа Лигасының 1/16 айналымына жолдама алды.

Станимир Стоилов кезінде Болгария құрамасында, сонымен қатар, «Фенербахче», «Левски», ЦСКА және «Славия» клубтарында ойнады.