Қазақстанның жаңа футбол маусымы Суперкубок ойынымен ашылды

2018 жылдың алғашқы жүлдесі – Қазақстан Суперкубогы үшін таласта елордалық «Астана» алматылық «Қайраттан» басым түсті.

Жаңа маусымның алғашқы ойынының бірінші таймында гол соғылмады. Екі команда да есеп ашатын сәттерді пайдалан аламады. Бірінші тайм есебі – 0:0.

Кездесудің екінші таймында «Астана» футболшылары жауапсыз үш гол соқты. 59-минутта Иван Маевский бос тұрған қақпаға допты ұрып, есеп ашты. Патрик Твумасидің алыстан бағыттаған соққысын қайтарған «Қайрат» қақпашысы Владимир Плотников екінші соққыны тойтаруға қауқарсыздық танытты. Есеп – 1:0.

Араға үш минут салып қорғаушы Дмитрий Шомко шығарған пасты қақпаға баспен тура ұрған хорват ойыншысы Марин Томасов есепті 2:0-ге жеткізді.

Қарқынын бәсеңдетпеген «Астана» бес минуттан соң үшінші голын соқты. Гол соққан тағы да Томасов.

 «Астана» - «Қайрат» - 3:0 (0:0)

Голдар: Маевский Иван 59 (1:0), Томасов Марин 62 (2:0), Томасов Марин 67 (3:0).

Ескерту: Мужиков Серікжан 55 - Гогуа Седрик Куаме 58.

«Астана»: Эрич Ненад, Аничич Марин, Кляйнхайслер Ласло (Станоевич Марко 81), Маевский Иван, Твумаси Патрик, Деспотович Джордже (Щеткин Алексей 73), Томасов Марин, Шомко Дмитрий, Бейсебеков Абзал, Постников Евгений, Мужиков Серікжан (Перцух Юрий 70).

Резерв: Мокин Александр, Муртазаев Роман, Малый Сергей, Логвиненко Юрий, Зайнутдинов Бактиёр, Шитов Игорь,

«Қайрат»: Плотников Владимир, Исаэль Да Силва Барбоса, Гогуа Седрик Куаме, Бато Шелдон, Элек Акош, Аршавин Андрей (Ассулин Гай Игаал 68.), Сильвейра Уго, Лунин Станислав, Сүйімбаев Ғафуржан, Жуков Георгий (Исламхан Бауыржан 68), Куат Исламбек (Парагульгов Магамед 78).

Резерв: Соколенко Александр, Швырев Вячеслав, Әбікен Айбол, Вороговский Ян, Ахметов Елдос, Покатилов Стас.

Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды);

Төрешілердің көмекшілері: Евгений Бельский (Тараз), Айдын Тасыбаев (Павлодар);

Төрешілердің қосымша көмекшілері: Денис Измайлов (Талдықорған), Бағдат Абдоллаев (Қаратау); 

Резерв төреші: Серік Жаппасбаев (Қызылорда).

4 наурыз, 2018, 15:00. Астана қаласы, «Астана Арена». 12 500 жанкүйер.