Қазақстан жастар құрамасының Франция және Люксембургке қарсы тізімі жарияланды

23 және 27 наурыз күндері футболдан Қазақстан жастар құрамасы Астанада 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарын өткізеді. Қарсыластар – Франция және Люксембург.

Талғат Байсуфинов бастаған Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабы осы екі матчқа келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Игорь Трофимец («Ақтөбе»), Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»);

Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов, Қуаныш Қалмұратов (екеуі де - «Атырау»), Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Ян Вороговский (барлығы – «Қайрат»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Сұлтан Әбілғазы («Тобыл»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Мидат Галбаев («Ертіс»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Геворг Наджарян («Шахтер»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Иван Антипов («Ақжайық»), Ринат Жұматов, Наурызбек Жагоров (екеуі де - «Атырау»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Әділет Әбденәби («Тараз»);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Ерасыл Сейітханов («Байқоңыр»), Акмаль Бақтияров, Самат Сәрсенов (екеуі де – «Қайрат»);

Резерв: қақпашы – Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»), қорғаушылар – Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Айбол Жақаев («Қайсар»), жартылай қорғаушылар: Ескендір Қыбырай, Рашид Люхай (екеуі де – «Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Талғат Байсуфинов, аға жаттықтырушының көмекшісі– Алмас Құлшынбаев, аға жаттықтырушының көмекшісі – Марат Еслямов, қақпашылардың жаттықтырушысы – Юрий Ишутин, дәрігер – Ахмадхон Искандаров, менеджер – Александр Брейткрейц, администратор – Қуандық Ермекбаев.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 23 наурыз күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Францияны қабылдайды. Ал, 27 наурыз күні дәл осы стадионда Люксембургпен ойнайды. Екінші кездесу де 19:00-де басталады. Қазіргі таңда біздің команданың қоржынында бес ойыннан кейін алты ұпай бар.