Халықаралық әйелдер күнімен!

Қазақстан футбол федерациясы барлық аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Қазақстан футболын дамытуға өз үлестеріне қосып, футбол саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер өте көп. Футбол ойнайтын қыздардың саны да жылдан жылға артып келеді. Жанкүйер аруларымыздың стадионда көрсеткен қолдауы да ерекше! Өйткені, футбол тек ерлерге арналған спорт түрі емес. Сонымен қатар, біздің сүйікті аруларымыздың да сүйікті спорт түрі.  

Қазақстан футбол федерациясы барлық аяулы әжелерді, қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отыра, отбасылық амандық пен мықты денсаулық тілейді!

Қазақстан футбол федерациясы