Вахид Масудов: «Қазақ футболының өркендеуі үшін бірге қызмет атқаруымыз қажет»

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов Астанада өткен бас бапкерлер мен спорт директорларының форумына қатысты көзқарасын білдірді:

- Вахид Юнусович, Астанад өткен форумның отандық футболға қандай пайдасы бар?

- Форум аса қызықты өтті деп ойлаймын. Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының бас бапкерлері маусым алдында бір-бірімен кездесті. Қазақ футболының дамуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов мырзамен жақын танысып, ұсыныстарын тыңдадық. Қазақ футболының өркендеуі үшін бірге қызмет атқаруымыз қажет. Оны әрқайсысы жақсы түсінеді. Форумда Қазақ футболының даму стратегиясының жобасы да таныстырылды. Қазақстан футбол федерациясының сараптамалық тобы дұрыс жолда келе жатқанымызды дәлелдей түсті.

- Осындай форумның елімізде жиі ұйымдастырылғанын қалайсыз ба?

- Әрине, өзекте мәселелерді уақытында талқылып, жиі бас қосып отырған жөн. Барлық командалардың бас бапкерлері ортақ жұмыс істеуге дайын. Сол себепті осындай отырыстарың маңызы зор. Федерациясының бастамасына оң баға беремін. Өйткені, бапкерлердің арасында сый-құрметті қалыптастырып, сенімді қарым-қатынас орнатуға әсер етеді.