Қазақстан – Франция және Қазақстан – Люксембург матчтарына аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылданады

Федерацияның баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдарын 2018 жылдың 21 наурызы сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан U21 – Франция U21 және Қазақстан U21 – Люксембург U21 матчтарына аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.

Федерацияның баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдарын 2018 жылдың 21 наурызы сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 23 наурыз күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Францияны қабылдайды. Ал, 27 наурыз күні дәл осы стадионда Люксембургпен ойнайды. Екінші кездесу де 19:00-де басталады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына - press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, ТВ, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы баспасөз мәслихатында беріледі.

Анықтама телефоны: + 7 (7172) 790-780; + 7 707 515 20 20;