Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Премьер-лиганың бірінші турының барлық ойынын арнайы тамашалады

Қазақстан Премьер-лигасының екінші турының ойындары сенбі, 17 наурыз күні өтеді. 

11 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы тур ойындары өтті. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы барлық ойынға арнайы барып, тамашалып шықты.

13-14 наурыз күндері Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы ойынға шақырту алған футболшылардың тізімі жарияланады. 

Қазақстан Премьер-лигасының екінші тур ойындары сенбі, 17 наурыз күні өтеді. Осы турдан кейін Венгрияға баратын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімінде өзгерістер болуы ықтимал.