Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы күні еліміз бен жерімізге ынтымақ, ырыс, бақыт сыйласын!

Қазақстан футбол федерациясы барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтайды! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі саналады. Ұлыстың Ұлы күні еліміз бен жерімізге ынтымақ, ырыс, бақыт сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!