«Ақтөбе» футбол клубынан ойыншыларды тіркеуге салынған тыйым алынып тасталды

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Дау-дамайларды шешу палатасының отырысы өтті.

Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының Дау-дамайларды шешу палатасының отырысында  Ақтөбе облыстық әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен футбол клубының ұсынған құжаттарына сәйкес «Ақтөбе» ОФК» АҚ қатысты «ойыншылады тіркеуге (трансфер) тыйым салу» санкциясын алып тастау жөнінде шешім қабылданды.