Айтбай Жамантаев: «Жеңіліске ойыншылар мен бапкерлер кінәлі емес, чемпионат - кінәлі»

2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде Ресеймен өткен ойыннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев өз пікірін білдірді.

- Футболшылар ойынға қойған жоспарды орындады. Екінші таймда аздап шаршап қалдық. Біздің ойыншылардың қателігінен екі голды қақпамызға жіберіп алдық. Шәкірттерім бар күшін салып ойнады. Оларға мін тартпаймын. Ресеймен ашық футбол ойнау қиын. Сол себепті қорғанысқа көңіл бөлдік. Қарсыласты өз алаңымзыда қарсы алдық. Ресей сынды тәжірибелі құрамамен ойнау әлі де болса біз үшін қиын. Бүгінгі ойында жастарға көңілім толды. Бірнеше жылдан кейін олар лайықты қарсылық көрсетеді деп ойлаймын.

- Негізгі құрамның ойыншыларын көрдік пе? Әлде негізгі құрамнан тыс қалған футболшылар бар ма?

- Біз үміт артқан барлық ойыншылар келді. Ойынға ең жақсы құрам таңдалынып алынды.

- Кездесудің соңында қақпашыны не себептен ауыстырдыңыз?

- Қақпашы Александра Гребенюктің өтінішін жерге тастамадым. Ол Ресейге қарсы қатты ойнағысы келді. Екінші таймның басында шығармадық. Ал ойынның соңында кездесу тағдыры шешілген болатын.

- Әлем Чемпионатына жолдама ала алмайтынымыз түсінікті еді. Сол себепті шабуылда неге ойнай салмадық?

- Қазіргі уақытта біздің құрамада шабуылшы жоқ. Екінші таймда алаңға шыққан Арайлым Орынбасарованың жасы небәрі он жетіде. Ашық футболға көшсек, 2010 жылғыдай ірі есепппен ұтылатын едік. Сол жылы тәжірибелі футболшылар 0:5 есебімен жеңілген еді. Ал, қазір жастар ойнайды. Жеңіліске ойышылар мен бапкерлер кінәлі емес, чемпионат – кінәлі.