Қазақстан жасөспірімдер құрамасы U-14 халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын өткізді

14 жасқа дейінгі Қазақстане жасөспірімдер құрамасы Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде алаң иелерінің екінші құрамымен кездесті.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында Армения футболшылар 5:3 есебімен жеңіске жетті. Бүгін біздің футболшылар Беларусь құрамасымен ойнайды.

Армения U-14 – Қазақстан U-14 – 2:2, пенальти - 5:3.