Қазақстан жасөспірімдер құрамасы U-15 Армения футболшыларын ұтты

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан «УЕФА Кубогы» халықаралық турнирін жеңіспен бастады.

Біздің өрендер алғашқы ойында Армения құрамасымен кездесті. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы пенальтия сериясында Қазақстан футболшылары дәлдік танытты – 4:3.

Армения U-15 – Қазақстан U-15 – 2:2, пенальти - 3:4

Қазақстан U-15 сапында гол соққан футболшылар: Дүйсембаев Дархан, Кенжебек Ғалымжан.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 12 сәуір күні Кипрмен өткізеді.