Қазақстан жасөспірімдер құрамасы U-14 екінші ойында Беларусь еліне есе жіберді

14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде екінші ойынын өткізді.

Бұл жолы біздің футболшылар Беларусь құрамасымен ойнап, 0:1 есебімен ұтылды. Келесі ойын 13 сәуірге жоспарланған. Қарсылас - Иран құрамасы.