Қостанайда Қазақ футболының даму жоспары талқыланды

12 сәуір күні Қостанайда футбол қауымдастығының қатысуымен басқосу өтті. Қатысушылар «Алға, футбол! Алға, Қазақстан!» деп аталатын отандық футболдың даму стратегиясын талқылады.

Басқосуда аймақтағы қоғамды толғандыратын мәселелер қаралды. Жиынға Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Қостанай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, аймақтық футбол федерациясының мүшелері, «Тобыл» футбол клубының қызметкерлері қатысты. Төрешілер мен ардагерлер корпусынан да сөз сөйлегендер болды.