Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Кипрге есе жіберді

​​​​​​​15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «УЕФА Кубогы» халықаралық турнирінде Кипрге есе жіберді – 2:3. Бұл құраманың екінші ойыны еді. Алғашқы ойында біздің футболшылар Арменияны ұтқан болатын.

Қазақстан U-15 - Кипр U-15 – 2:3

Қазақстан U-15 құрамында гол салғандар: Азатов Арсен, Қалау Абзал

Біздің құрама келесі ойынын 14 сәуір күні Беларусь футболшыларымен өткізеді.