Геннадий Скуртул – Қазақстан футбол федерациясы Техникалық орталығының кеңесшісі

Молдовалық маманның міндеті - Техникалық орталықтың жұмысына кеңес беру.

УЕФА-ның бапкерлерге дәріс беру бойынша комиссиясының мүшесі және УЕФА-ның техникалық бақылаушысы Геннадий Скуртул Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Оның міндеті Техникалық орталықтың жұмысына кеңес беру, сонымен қатар, алдағы уақытта жаттықтырушыларға білім беру жобасын жүзеге асырып, жаңа ережелер енгізу.  

Биографиялық мәлімет:

Геннадий Скуртул

1972 жылдың 26 ақпанында Молдова астанасы Кишинев қаласында дүниеге келген.

«Нистру», «Зимбру» және «Тигина» (барлығы – Молдова) клубтарында, сонымен қатар Молдова жасөспірімдер құрамасында ойнаған.

Молдова ұлттық лигасының матчтарында төреші, инспектор ретінде қызмет атқарған.

УЕФА-ның PRO категориясының иесі.

2009 жылдан бастап УЕФА делегаты.

2009 жылдан бастап Молдова футбол федерациясының техникалық директоры, жаттықтырушылар комитетінің төрағасы және жаттықтырушылар мектебінің директоры.

2012 жылдан бастап УЕФА Техникалық нұсқаушысы

2013 жылдан бастап УЕФА-ның бапкерлерге дәріс беру комиссиясының мүшесі

2013 жылдан бастап УЕФА-ның техникалық бақылаушысы

2017 жылдан бастап УЕФА-ның бұқаралық футбол кеңесшісі