Футбол клубтарының қаржы саласына жауапты мамандарына арналған семинар өтті

Бүгін Астанада Премьер-лига клубтарына арналған УЕФА CL/FFP IT Solution жүйесінің тәжірибелік семинары өтті. Семинарға әр клубтың қаржы саласына жауап беретін мамандары қатысты.

Қазақстан футбол федерациясының Лизцензиялау және аттестациялау департаментінің өкілдері CL/FFP IT Solution бағдарламасын қолдану арқылы тәжірибелік дәрістер өткізді. Сонымен қатар, қаржылық есепті толтыру үлгісі мен әдістемесі көрсетілді.

УЕФА-ның клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық «Fair Play» және ҚР футбол клубтарын сертификациялау ережелерінің талаптарына сәйкес CL/FFP IT Solution жүйесінде сенімді әрі ашық мәліметтер ұсыну бойынша әдістемелік нұсқаулар түсіндірілді.

УЕФА-ның CL/FFP IT Solution платформасын пайдалану арқылы мәліметтерді ұсыну мерзімі мен кредиторлық қарызға жол бермеу жолдарына баса назар аударылды.

CL/FFP IT Solution бағдарламасы бойынша келесі тәжірибелік дәрісті маусым айында УЕФА-ның қаржылық кеңесшісі жүргізетін болады.