Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы Әзірбайжан ұлттық құрамасымен жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді.

Ойын 5 маусым күні елордада «Астана Арена» стадионында өтеді.

Осы келісімнің аясында Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары да жолдастық матч ойнайтын болды. Кездесу 4 маусымға жоспарланған. Бұл ойынды да «Астана Арена»стадионы қабылдайды.