Қазақстан футбол федерациясының УЕФА турнирінен шеттетілген «Ордабасы» футбол клубына қатысты пікірі

Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестациялау департаментінің директоры Ержан Мұсабеков «Ордабасы» (Шымкент) футбол клубына» УЕФА тарапынан қабылданған шешімін түсіндірді:

– «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес УЕФА клубтық турнирлеріне сертификат алу үшін 31 наурызға дейін келісімшарт немесе құқықтық міндеттер күшінде қызметкерлер алдында (өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап) әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздары болмауы тиіс. (52-бап, 1-пункт – «Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша «УЕФА» ережесі).

«Ордабасы» футбол клубынд 2018 жылдың 31 наурызына дейін мерзімінен өткен кредиторлық қарыз болды. Олар қарызды бақылау уақыты өткеннен кейін 2018 жылдың 1 сәуірінде төлеген. Осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестациялау департаментінің тарапынан УЕФА-ның тиісті органдарына «Ордабасы» футбол клубына қатысты Сертификатты берудің мүмкіндігі мен заңдылығы жөнінде сұраныс жіберілді.

УЕФА-ның клубтарды лицензиялау бөлімі өз хатында «Ордабасы» футбол клубына бақылау уақытынан кейін қарыздардың өтелгеніне қарамастан Сертификат беруден бас тарту қажет екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, УЕФА-ның клубтарды лицензиялау бөлімі өз жауабында ережеге сәйкес, еуропалық турнирлерге спорттық принцип бойынша жолдама алып, УЕФА клубтық жарыстарына жіберілмеген (УЕФА лицензиясын алмаған) қатысушыны Премьер-лиганың финалдық кезеңінің турнирлік кестесіндегі келесі клубтың ауыстыратыны көрсетілген. Алайда, алмастырушы клуб «Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша «УЕФА» ережесінің барлық талаптарына сай болуы тиіс. 2017 жылғы Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша бұл орын «Тобыл» (Қостанай) командасына тиесілі.

Сертификация комиссиясы бұл мәселені қарастырып, шешім шығаруда «Лицзензиялау және қаржылық фэйр-плэй бойынша «УЕФА» ережесінің талаптарына толықтай сүйенді.

Қазіргі таңда УЕФА-ның қаржылық органының бақылауында екі қазақстандық клуб тұр. Олар - «Астана» және «Ертіс» футбол клубтары.  УЕФА тарапынан қаржылық «фэйр-плэй» талаптарына сәйкес келмеген кез келген жағдай бойынша Қазақстан футбол федерациясы жедел түрде санкция қолданады.