Құрбан Бердыев Қазақстан футбол федерациясының жетекшілерімен кездесті

Қазандық «Рубин» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен Астанаға келді.

Қазақстан футболы күні Ресейдегі ең табысты бапкерлерінің бірі Құрбан Бердыев Астанаға ат басын тіреп, Қазақстан футбол федерациясының жетекшілері және ардагерлермен жүздесті.

Кездесуде мәртебелі мейман қазақстандық футболдың даму стратегиясының бекітілген нұсқасымен танысты. Қазандық клубтың бас бапкері маңызды құжатты жазу барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, елеулі үлес қосқан еді.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы мен Құрбан Бердыев алдағы уақытта серіктестік жоспарын талқылады. Тәжірибелі бапкер Федерацияның бастамасын қолдап, қазақстандық мамандарға кеңес беруге дайын екенін жеткізді.