Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

26 сәуір күні өткен Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінде келесі шешімдер қабылданды:

Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігі, IV турдың матчтары

Ойын тоқтатылған сәтте қарсыласты қолымен итеріп, спорт тәртібіне жат қылық көрсеткені үшін «Атырау М» футбол клубының ойыншысы Виктор Грабконы үш ойынға шеттету. Шараны қолдану мерзімі 2018 жылдың 26 сәуірінен басталады.

Бас төрешіге балағат сөз айтқаны үшін «Қайрат М» командасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекерді төрт ойынға шеттету. Шараны қолдану мерзімі 2018 жылдың 26 сәуірінен басталады.

Ойын тоқтатылған сәтте қарсыласты қолымен ұрып, қарсыласқа күш көрсету әрекеті үшін «Рузаевка» командасының ойыншысы Мұхтархан Сәбдіровті бес ойынға шеттету. Шараны қолдану мерзімі 2018 жылдың 26 сәуірінен басталады.

Ойын барысында қарсыластың допқа ойнауы мүмкіндік бермей, аяғынанан тепкені үшін «Ақсу» командасының ойыншысы Біржан Сағындықты үш матчқа шеттету. Шараны қолдану мерзімі 2018 жылдың 26 сәуірінен басталады.

Бірінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігі, IV турдың матчтары

Команданың тәртіпсіздігі үшін, яғни ойында бес футболшының ескерту алуына байланысты «Екібастұз» футбол клубына 50 МРП (120 250 теңге) көлемінде айыппұл салу. «Екібастұз» футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 26 мамырына дейін төлеуі тиіс.

Премьер-лига клубтары арасында ҚР Чемпионаты, VI матчтары

Команданың тәртіпсіздігі үшін, яғни ойында бес футболшының ескерту алуына байланысты «Астана» футбол клубына 100 МРП (240 500 теңге) көлемінде айыппұл салу. «Астана» футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 26 мамырына дейін төлеуі тиіс.

Жанкүйерлердің матчтың ресми тұлғаларының атына балағат сөз айтып, футбол алаңына бөтелкелер лақтырғаны үшін «Ордабасы» футбол клубына 200 МРП (481 000 теңге) көлемінде айыппұл салу. «Ордабасы» футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 26 мамырына дейін төлеуі тиіс.

Премьер-лига клубтары арасында ҚР Чемпионаты, XIX турдың алға жылжытылған ойыны

Жанкүйерлердің матчтың ресми тұлғаларының атына балағат сөз айтқаны үшін «Қызыл-Жар СК» футбол клубына 100 МРП (245 500 теңге) көлемінде айыппұл салу. «Қызыл-Жар СК» футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 26 мамырына дейін төлеуі тиіс.