Арсен Іңкәрбеков: «Жаттықтырушылардың «С» категориясы УЕФА мәртебесін алды»

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директорының директоры Арсен Іңкәрбеков УЕФА мәртебесін алған «С» категориясының жаңа оқу бағдарламасы туралы айтып берді:

— Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы УЕФА-ның «С» категориясы бойынша жаттықтырушыларға арналған жаңа білім беру курсын енгізді, - дейді Арсен Іңкәрбеков. – «С» категориясы Қазақстанда бұрын болды. Ал, қазір бұл категормя УЕФА мәртебесін алды. Білім беру бағдарламасы төрт модульден тұрады. Теориялық және тәжірибелік сабақтар. Толық курс – 169 сағат. Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларды оқытудың базалық курсы «С» категориясынан басталады. Бұл бағдарлама бойынша дәріс беру Астанада басталады. Әрі қарай еліміздің төрт өңірінде өткізілмек. «С» категориясына қабылдау басталды.