13 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан Чемпионаты аяқталды

Чемпионат 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтті.

Жарысқа 8 команда қатысты: ОСДЮСШ № 5 (Тараз), «Намыс – БИІК» (Шымкент), «Жігер» (Қызылорда), ДЮФШ «Оқжетпес» (Көкшетау), ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе), «Үміткер – БИІК» (Шымкент), СДЮШОР № 7 (Шымкент), «Сокол» (Орал).

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Шымкент қаласының «СДЮШОР № 7» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз барлық ойында жеңіс тойын тойлап, қақпаларына бірде бір гол жібермеді.

 

Қорытынды турнир кестесі:

Орын

Командалар

О

Ж

Т

Ж

Д/а

Ұпай

1

 СДЮШОР № 7

7

7

0

0

28-0

21

2

 ОСДЮСШ № 5

7

5

1

1

22-4

16

3

 «Намыс – БИІК»

7

4

1

2

15-7

13

4

 ОСДЮСШ № 2

7

4

1

2

19-11

13

5

 «Жігер»

7

2

2

3

6-6

8

6

 ДЮФШ «Оқжетпес»

7

2

1

4

6-9

7

7

 «Сокол»

7

1

0

6

3-13

3

8

 «Үміткер – БИІК»

7

0

0

7

0-49

0

 

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Инамахон Искандарова (ОСДЮСШ № 5)

Үздік қорғаушы Ділназ Серікова (ОСДЮСШ № 2)

Үздік жартылай қорғаушы – Гүлназ Серік («Жігер»)

Үздік шабуылшы – София Атаманенко (СДЮШОР № 7)

Үздік ойыншы – Алина Лазукова (СДЮШОР № 7)

Үздік сұрмерген – Алина Лазукова (СДЮШОР № 7, 10 гол)  

Барлық жүлдегерлерді Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев марапаттады.