Жеңіс күні құтты болсын!

Қазақстан футбол федерациясы барша отандастарды Жеңіс күнімен құттықтайды.

Жеңіс күні - еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мереке. Екінші дүниежүзілік соғыс әр отбасының тағдырында ауыр із қалдырды. Әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін әрқашан жүрегімізде сақтаймыз.

Барша қазақстандықтарға ашық аспан, қажымас қайрат және отбасылық амандық тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!