Алматыда Тимур Сегізбаев атындағы алғашқы турнир өтті

Аты аңызға айналған футболы Тимур Санжарұлы Сегізбаевты еске алуға арналған турнир «Қайрат» футбол клубының академиясының алаңында өтті.

Шымкенттен келген ардагерлер командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орын Павлодар қаласының ардагерлер командасына бұйырды. Үшінші орынды Алматы қалалық футбол федерациясының командасы місе тұтты.

Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне футбол ардагерлері, жанкүйерлер және Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың достары қатысты.

Ұйымдастырушылар бұл турнирді жыл сайын өткізуде жоспарлап отыр.

Фото: «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі