17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы «Даму Кубогы – 2018» халықаралық турниріндегі алғашқы ойынын өткізді

Халықаралық жарыс Грузия астанасы Тбилисиде басталды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Беларусьи, Румыния және Грузия құрамаларымен бір топқа түсті.

Алғашқы ойында біздің қыздар алаң иелері Грузия құрамасына 1:3 есебімен жол берді. 

Біздің құраманың сапындағы жалғыз голды Гүлмира Ташмет соқты.

Грузия U-17 – Қазақстан U-17 – 3:1

Голдар: Анастасия Волквадзе (2), Натела Цорцерия - Гүлмира Ташмет.