Жанкүйерлер арасында киберфутболдан турнир басталды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жанкүйерлер арасында киберфутболдан турнир басталды.

Қазақстан футбол федерациясы мен халықаралық «Е-SPORTS-KZ» бірлестігі «Қазақстан жанкүйерлерінің киберфутбол лигасын» жобасының ашылғанын жариялайды.

Жаңа лиганың алғашқы турнирі 10 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Бұл бастаманы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да қолдады.

Шараның ресми демеушісі – «Volkswagen» компаниясы.