Астанада «Coca-cola – Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін Астандағы «Номад» спорт кешенінде 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында «Coca-cola – Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының орынбасары Садық Аяшев, Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының Астанадағы филиалының жетекшісі Нұрлан Тәженов, Қазақстан футбол федерациясының Балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов қатысты.

Салтанатты шарада қатысушыларға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-капитаны Қайрат Нұрдәулетов жас футболшылардың сауалдарына жауап берді.

«Coca-cola – Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңіне еліміздің барлық облысы және Астана, Алматы қалаларының командалары қатысуда. Жеңімпаз 15 мамыр күні анықталады.