19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгрия футболшыларын 4:2 есебімен ұтты

Біздің жасөспірімдер Словакиядағы халықаралық турнирді жеңіспен аяқтады.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Slovakia Cup - 2018» халықаралық турниріндегі соңғы ойында Венгрия құрамасынан 4:2 есебімен басым түсті. Біздің құрама сапында Максим Ваганов, Дінмұхамед Қашкен, Владислав Прокопенко және Лев Скворцов гол соқты.

Венгрия U19 – Қазақстан U19 – 2:4 (0:2)

Қазақстан U19 сапында гол салғандар: Ваганов, Қашкен – пенальти, Прокопенко, Скворцов.