17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Беларусь құрамасынан басым түсті

Грузияда өтіп жатқан «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойынын өткізді.

Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу Давид Петриашвили атындағы стадионда өтті.

Ойын барысында біздің қыздар екі рет таразы басын теңестірді. Екі сәтте де қорғаушы Александра Бурова дәлдік танытты.

Кездесу тағыдыры матч соңындағы пенальти сериясынла шешілді. Біздің құраманың төрт ойыншысы он бір метрден мүлт кетпеді. Ойынның басты қаһарманы қақпашы Аружан Оразбекова атанды. Ол қарсыластың екі он бір метрлік соққысын қайтарды.

Қазақстан қыздар құрамасы U-17 турнирдегі шешуші ойынын Румыния U-17 құрамасымен өткізеді.

Беларусь U-17 – Қазақтан U-17 - 2:2 (1:1) пен. 2:4

Голдар: Харитончик 7, Железникова 73 - Бурова 22, 78.

Қазақстан қыздар құрамасы U-17: Оразбекова, Бурова, Садықова (к), Ташмет, Исмаилова, Кенжетай, Әйтімбетова (Шолақова 41, Мұқашова 72), Көпжанова, Артықбай, Иванова, Махаматова (А.Шалмұқанбетова 51).